«Денсаулық-2010» спартакиадасы басталды

. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-де оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында «Денсаулық - 2010» спартакиадасы басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Университетіміздегі қызметкерлердің спартакиадаға белсене қатысуы, спортқа көп көңіл бөлетіндігі қуантарлық жағдай. Бізде олардың салауатты өмір салтын сақтауына барлық жағдай жасалған», дейді университет ректоры Әли Әбішев.

Жыл сайын өтетін дәстүрлі спартакиадаға биыл 9 команда қатысып, қол күресі, баскетбол, волейбол, дартс, шағын футбол, арқан тартысы, шахмат, дойбы сияқты спорт түрлерінен сынға түседі.

Спартакиада қаңтардың 22-сі күні аяқталып, жеңімпаздар марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар