ДЕНСАУЛЫҚ: АҚШ ғалымдары аспириннің бала көтеруге көмектесетінін айтты

Оған қоса, аспирин бала көтеруге кедергі болатын қабынуды азайтады.
Зерттеу нәтижесі бойынша, бұған дейін түсік тастап, жүйелі қабынуы бар әйелдер күніне 81 миллиграмм аспирин қабылдап, қатысушылардың 17 пайызы бала көтерген. Аспиринді ішкендердің 20 пайызында жүктілік мерзімі қалыпты өткен. Осы арада, профессор бала көтергісі келген барлық әйелдерге аспирин үшуді кеңес етеді. Ал аллергиямен ауыратындар мен асқазан-ішек жолдары дерттеріне шалдыққандарға оны ішуге болмайды. Алайда аспириннің күрделі кері әсері де бар. Оны жиі қабылдаған әрбір оныншы адамда асқорыту жүйесінде проблемалар тауып алуы мүмкін. Тіпті, іштен қан кетуі де ықтимал. Демікпе дертіне шалдыққандар аспирин ішсе, кейде еріні, ауыз қуысы, тамағы ісіп кетуі, кейбір жағдайда аспирин геморрагиялық инсультқа апарып соқтыруы да ғажап емес. Сондықтан, оны дәрігермен кеңесіп ішу керек, дейді ғалымдар.