22:35, 13 Шілде 2016 | GMT +5
ДЕНСАУЛЫҚ: Анар адамның өмір жасын ұзартады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анар дәнінің құрамы адам өмірін ұзартуға әсер етеді, деп мәлімдеді швейцариялық ғалымдар.
Дұрыс тамақтануды насихаттаушылардың дені анарды адам денсаулығы үшін өте пайдалы деп санайды. Лозанна ғалымдарының зерттеу нәтижесі мұны растап отыр.
Анар құрамында эллагитанниндер бар. Ас қорытылғанда бұл зат А уролитиніне айналады. Тәжірибелер кезінде зерттеушілер А уролитинін тышқандардың тағамына қосқанда олардың төзімділігі 42% артқанын байқаған.