Денсаулық аптасы еліміздің барлық өңірінде жалғасуда
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрінің бастамасымен еліміздің мектептерінде, мектепке дейінгі мекемелерде басталған «Салауатты өмір салты аптасы» акциясы жалғасуда.
Аталған іс-шараға республика бойынша жалпы 100 мыңдай адам қатысты, деп хабарлады аталған министрліктің баспасөз қызметінен.
Мәселен, Қызылорда облысындағы білім беру мекемелерінде «Денсаулық күндері» және «Жеті денсаулық сабағы» іс-шаралары «Денсаулық стансасы» атты ұранмен өтті.
Ал Солтүстік Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарында салауатты өмір салты аспектілері бойынша тақырыптық стендтер ілініп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды, салауатты өмір салты туралы таныстырылымдар жасалып, бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар алдында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары, спорт шеберлері, спортпен белсенді шұғылданатын дәрігерлер сөз сөйлеп, денсаулықтарын күтуге шақырды.