ДЕНСАУЛЫҚ: Би семіздіктен құтылуға көмектеседі

Бұл қыздар қауымына ұнамауы мүмкін. Бірақ, спорт қиын болса да - тығырықтан шығатын бірден бір жол. Арықтау үшін спортпен айналысып, жаттығу залында бірнеше сағат терлеудің де қажеті жоқ. Одан бөлек физикалық жаттығулар бар: фитнес, пилатес, йога, аквааэробика және басқалары. Бірақ жаттығуға мүлде барғыңыз келмесе не істеу керек? Онда бір жол бар. Ол - би.
Биді қалай билегеніңіз маңызды емес. Көңілді кештерде ме, әлде арнайы курстарға барасыз ба, әлде жұбайыңызбен залда вальс билейсіз бе?! Бастысы, бұл жаттығуларды жүйелі орындап, аптасында бір сағаттан бірнеше рет билеп тұру керек.
Сеніңіз, бұл талапты орындау өте оңай, өйткені, би тыныштандырып, қанаттандырады, шаршағаныңызды басып, қуаныш сыйлайды. Оның үстіне, салмақтың азаятынын, жүрек қан айналымының жақсаратынын қосып қойыңыз.
Айтпақшы, бидің көмегімен сымбатыңызды қалыпқа келтіруге де үлкен мүмкіндік бар. Билеңіз, арықтаңыз, жаман ойдан арылыңыз және сымбатыңыз үнемі сұлу болсын!