ДЕНСАУЛЫҚ: көк шайдың ерекше пайдасы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көк шай салмақты азайтуға арналған керемет сусын. Ол сонымен қатар, қандағы қанттың көлемін реттеп, май жасушаларының жаңаруына, салмақтың азаюын әсер етеді.
Көк шайда катехиндер деп аталатын табиғи зат бар. Ол зат алмасу процесін тездетіп, тәбетті төмендетеді. Голландиядағы Маастрихта университетінің зерттеушілері 11 жыл бойы жүргізілген зерттеудің нәтижесінде катехиннің салмақты азайтатынын да анықтады. Катехиндер кофеинмен бірлескенде әсер жақсы болмақ.
Ал басқа зерттеулер көк шай құрамындағы катехиндер майдың жалпы көлемі мен қарындағы майдың мөлшерін азайтатынын көрсетті. Көк шай майды кетіріп, дене жаттығуларына қосымша көмектеседі. Келесі жолы дүкенге барғанда көк шайға баса назар аударыңыз. Алайда, пакетке оралғаны емес, кәдімгі түйіршіктелген шайды алыңыз. Сапалы көкшайдың арзан болмайтынын да ұмытпаңыз. Сондай-ақ, бірнеше кесе көк шай сізді дереу арықтатып жібереді деп ойламаңыз. Бұл жаттығу жұмыстары мен дұрыс тамақтануға үстеме ғана.