01:23, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
ДЕНСАУЛЫҚ: Миға қуат беретін тағамдар түрін білеміз бе?
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ми адам ағзасындағы басты «тұтынушының» бірі десе де болады. Мамандардың айтуынша, жинақталған калорияның 30-40 пайызына дейін миды қуаттандыруға жұмсалады.
«Зиянды тағамдар асқазанға салмақ түсіріп қана қоймай, ми жұмысына да кері әсер етеді», - дейді зерттеушілер. Сонымен, ми үшін не қажет? Интернеттегі мамандар кеңесіне сүйенсек, Е дәрумені бар шикі бадам ми белсенділігінің төмендеуінен сақтануға қажетті екен. Есте сақтау қабілетін дамытатын антиоксиданттарға бай кешью, грек жаңғағы да аса пайдалы. «Сонымен қатар, қара шоколадтың, кәдімгі алма, жұмыртқаның да ми үшін қажет екенін ұмытпалық», -дейді диетологтар.