Денсаулық министрі Алматыдағы медициналық нысандардың жаппай вакцинациялауға дайындығын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыға сапары барасында медициналық нысандардың халықты жаппай вакцинациялауға дайындығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр қаладағы ірі стационардың бірі - №7 көпбейінді клиникалық аурухананы аралады, онда 722 төсек-орын бар. Орта есеппен мұнда тәулігіне 250-300 пациент түседі. Жылына 77 мың адам қаралады. Оның ішінде орта есеппен 30% -ы, яғни 23 мыңнан астам адам ауруханаға жатқызылады. Стационарға емдеуге жатқандардың 80% шұғыл және 20% жоспарлы түрде емделеді.

Клиниканы аралау барысында А.Цой интенсивті терапияға мұқтаж КВИ жұқтырған пациенттерге сапалы стационарлық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі жағдайы ауыр науқастарды реанимацияда емдеу үшін елдің ең үздік дәрігерлерін консультативтік көмекке тарту қажеттігін айтты.

Министр №4 қалалық емхаға да барды, мұнда халықты коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация жүргізіледі. Емхана бірден 83 690 адамға алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетеді, оның ішінде ересектер – 66 509, балалар – 17 181.

Денсаулық сақтау министрі бастапқы медициналық ұйымның медицина қызметкерлеріне тіркелген халықты барынша қамту үшін жаппай вакцинациялауды ұйымдастыру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол емхана қызметкерлері үшін вакцинацияның оң әсері туралы халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу маңызды екенін, бұл вирустың таралуымен күресудің жалғыз тәсілі екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой санэпидбақылау, медфармбақылау аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.


Соңғы жаңалықтар