Денсаулық министрлігі Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор іздеуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры лауазымына кандидаттарды іріктеу үшін байқау жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық министрлігі Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ге жаңа ректор іздеуде

Хабарландыру еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің Фейсбуктегі парақшасында жария етілді.

Атап өтілгендей, іріктеуге ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген педагогикалық мамандар мен оған теңестірілгендер лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамасына сай келетін шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет танытушылар қатыса алады.