Денсаулық министрлігі «Цефтриаксон» препаратынан болған 18 өлім туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Цефтриаксон» препаратынан болған 18 өлім туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда «Цефтриаксон» антибиотигін алғаннан кейін 18 адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Препаратты дәріханалардан жаппай ала бастаған екен. Бұл олай емес.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі теріске шығарды.

«Цефтриаксонның» жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.

«Цефтриаксон» – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген аурулар кезінде тағайындалатынн антибиотик.
Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.


Фото: stopfake.kz

Соңғы жаңалықтар