Денсаулық министрлігі коронавирус науқастарының жағдайы туралы айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы бойынша мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
9 маусымдағы мәліметке сәйкес, елімізде 22 821 адам коронавирус инфекциясынан (21 850 КВИ+ және 971 КВИ-) емделуде, олардың ішінде:
- 7 640 пациент стационарда,
- 15 181 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандар арасында:
- 538 адамның жағдайы ауыр,
- 114 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 81 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.