Денсаулық министрлігі коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық министрлігі коронавирустан емделіп жатқан науқастардың жағдайын айтты

28 маусымдағы деректер бойынша, қазір ел өңірлерінде 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (22 707 КВИ+ және 1 294 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 474 адамның жағдайы ауыр,

- 98 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 66 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.