12:59, 18 Қаңтар 2018 | GMT +6
Денсаулық министрлігі тұмаудан қайтыс болу оқиғаларын жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі маусымда Қазақстанда тұмау мен жұқпалы респираторлы-вирусты инфекциядан (ЖРВИ) көз жұму оқиғалары тіркелген жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұмау мен ЖРВИ-ден көз жұму оқиғалары тіркелген жоқ", - делінген ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берілген жауапта.
Министрлік келтірген деректерге сәйкес, 2017 жылдың қазан айынан бастап, ЖРВИ-мен ауырудың 224 мың оқиғасы тіркелген. Оның 67,4%-ін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.
Тұмаумен 55 қазақстандық ауырған, оның 21-і - балалар. Болжамдарға сүйенсек, ауру қаупі ақпан-наурыз айларында күшейеді. Елде тұмаудың А және В вирустары тараған. Сонымен бірге, министрлік 2 миллионнан астам адамның тұмауға қарсы екпе салдырғанын атап өтті. Оның 30% - балалар болса, 70% - ересектер. Вакцинадан кейін еш асқынулар болған жоқ.
Еске сала кетсек, «Хабар» телеарнасы ЖРВИ асқынуынан елімізде 5 адамның көз жұмғанын хабарлаған еді.