Денсаулық министрлігі жұмыс істемейтін бағдарламаға 726 млн теңге жұмсаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы толық жасалмаған және іске қосылмайтын бағдарламалық жасақтама үшін 726,3 млн теңге жұмсаған. Есеп комитеті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген аудит деректерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағдарламалық жасақтама өндірістік қызметте пайдаланылмайды және оны есептен шығару қарастырылып отыр.

Бұдан басқа, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы баламалы дәрілік заттардың шекті бағаларын бірегей дәрілік заттардың бағасынан асатын мөлшерде бекіткен.

Жалпы 2019-2021 жылдарға аудит қорытындысы бойынша Есеп комитеті 5,8 млрд теңгеге қаржылық бұзуларды анықтады. Олардың басым бөлігі (5 млрд теңге) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік кезінде жасалған. Сондай-ақ, 7,5 млрд теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, 61,2 млн теңгеге – шығындар мен пайданы жіберіп алу жағдайлары анықталды.


Соңғы жаңалықтар