Денсаулық министрлігінде G-GLOBAL коммуникативтік интернет алаңына арналған селекторлық кеңес өтті

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде селекторлық режімде G-GLOBAL коммуникативтік интернет алаңы мәселелеріне арналған жиын болып өтті.

Денсаулық министрлігінде G-GLOBAL коммуникативтік интернет алаңына арналған селекторлық кеңес өтті

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Кеңеске министрліктің жетекшілері, республикалық және өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары қатысты.  

ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Н.Нөгербеков Мемлекет басшысының бастамасы - Астана экономикалық форумы базасында барлық мүдделі тараптар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар тобы, әлемдік қоғамдастықтың көпжақты өзара іс-әрекеттестігінің жаңа - G-GLOBAL форматы туралы әңгімеледі.

G-GLOBAL - әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де мәселелер бойынша интерактивтік, ашық және жария пікірталастар, дебаттар үшін жағдай жасайтын көпфункционалдық интернет платформасы.

Жиында жобаның маңыздылығы атап өтіліп, жиынға қатысушыларды G-GLOBAL-ға тіркеліп, белсенді атсалысуға шақырды.  

Денсаулық сақтау ұйымдары жетекшілері G-GLOBAL платформасына белсенді тіркелуде. Нәтижесінде порталды толықтыру және насихаттау, министрлікке қарасты ұйымдардың қызметкерлерін G-GLOBAL коммуникативтік интернет алаңына әрі қарай тарту көзделуде.