Денсаулық министрлігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеуге кедергі келтірілмек болған - комитет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеті 23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды және басқа тұлғаларына қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 407-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Бұл тұлғалар қылмыстық процестің қатысушылары емес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинақтау, беру және жариялау арқылы тергеуге кедергі келтірген», делінген хабарламада.
Ведомствоның мәлімдеуінше, ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайды.