Денсаулық пойыздары 8 мыңнан астам ел азаматтарына медициналық көмек көрсетті

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат - Жыл басынан бастап ТЖМ-ның «Денсаулық» және «Жәрдем» консультативті-диагностикалық пойыздары ауылдардың, станциялар мен разъездердің 8015 тұрғынына облыстық маңызы бар клиникалар деңгейінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметерінде айтылған.

Денсаулық пойыздары 8 мыңнан астам ел азаматтарына медициналық көмек көрсетті

ТЖМ теміржол госпитальдарында 42169 диагностикалық зерттеу жүргізілді, дәрігерге барған адамдардың саны 66429-ды құрады. Пойыз мамандары 7131 ауруды тіркеді, соның ішінде 954-і балалар ауруы.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы 29 наурызда «Саламатты Қазақстан» үшінші медициналық пойызы өз жұмысын Шығыс Қазақстан облысының Таңсық станциясынан бастады.