Денсаулық пойыздары былтыр 13 мыңнан астам медициналық қызметтер көрсетті
АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Биыл «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жолдарында 6 медициналық пункт ашылады.
Бұл туралы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы Назарбек Бейсен бүгін Алматыдағы «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында ХҮШ «KIHE-2011» көрмесінің ашылу рәсіміне арналған баспасөз мәслихатында айтты.
«Камаз инженерингтен» 14 КамАЗ көлігі сатып алынды. Қазір оларды медициналық құрал- жабдықтармен қамтамасыз етумен Шымкент қаласындағы отандық өндіруші - «Қазмедприбор» ЖШС айналысуда. Былтыр 2 денсаулық пойызы 13 мыңнан астам медициналық қызметтер көрсетті», - дейді Назарбек Бейсен.
Оның айтуынша, биыл трассалық медициналық пункттерді дамыту бағытында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік жолдарында 6 медпункт ашылады. Ал болашақта олардың жалпы саны алдағы уақытта 40-қа дейін жеткізілмек.