«Денсаулық» пойызы Маңғыстау өңірін аралауда
Кестеге сәйкес, ағымдағы жылғы мамыр айының соңына дейін теміржол бойында орналасқан елді мекендерде білікті медициналық көмектер көрсету жоспарланған.
7 мамырға дейін «Денсаулық» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Маңғыстау облысының Тұрыш, Сам, Бейнеу, Ақжігіт, Үстірт, Сай Өтес, 10 разъезд, Шетпе бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, барлығы медициналық көмекпен 2990 адам қамтылды, оның 2124 - балалар. Тұрыш ауылында - 259 адам, Сам стансасында -175, Бейнеуде - 833, Ақжігітте - 523, Үстіртте - 327, Сай Өтесте - 375, 10 разъезде - 87, Шетпеде 411 адам көмекке жүгінді.
Пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратурамен жабдықталған және ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ-ның жоғары білікті медициналық кадрлары, атап айтқанда, 18-ден астам дәрігер мамандары қызмет көрсетеді. Олар интернет және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ республикамыздың және ТМД жетекші ғылыми медициналық орталықтарымен on-line режімінде науқастарға консультация беруге арналған телемедициналық жабдықпен жарақталған.