Денсаулық сақтау, Білім беру және тілдерді дамыту туралы бағдарламалар жан-жақты зерделеніп, әзірленуі тиіс - Үкімет отырысы

АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Денсаулық сақтау, Білім беру және тілдерді дамыту туралы бағдарламалар жан-жақты зерделеніп, әзірленуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті,

Денсаулық сақтау, Білім беру және тілдерді дамыту туралы бағдарламалар жан-жақты зерделеніп, әзірленуі тиіс - Үкімет отырысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір алдымызда маңызды 2-3 бағдарлама тұр. Олар белсенді түрде экономикалық саясат жөніндегі кеңесте талқылануда. Енді оны сараптамалық топтарда, қоғамда қарастырудың фазасы жақындап келеді. Бұл - Білім беру, Денсаулық сақтау және Тілдерді дамыту бағдарламалары», деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр алға қойылған мақсаттар аясында барлық 3 бағдарлама да нақты әрі маңызды түрде, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясымен, 2020 Даму бағдарламасымен, Индустриялық бағдарламасымен өзара байланысуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен бірге К. Мәсімов Білім беру бағдарламасы еліміздің барлық жоғарғы оқу орындары мен техникалық білім беру мектептерімен өзара септесуі тиіс екенін айтып өтті.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау бағдарламасында жоғарғы және тиісті талаптар қамтылуы керек екенін қадап айтты.