Денсаулық сақтау министрі Алматыда «С» гепатитінің вирусы анықталған лейкемиямен сырқат балалардың аналарымен кездесті
АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев Алматы қаласында «С» гепатитінің вирусы анықталған лейкемиямен сырқат балалардың аналарымен кездесті,
деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.
Министр ата-аналарға лейкозбен сырқат балалардың «С» вирусты гепатитін жұқтыру фактілерін тексеру бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының жұмыс қорытындылары туралы айтты. Сондай-ақ ол «С» вирусты гепатитін жұқтырудың алдын алу, сондай-ақ «В» және «С» гепатиттерін жұқтырған лейкемиямен ауыратын балалар мен адамдарды емдеу бойынша қабылданып жатқан жүйелік шаралар туралы хабардар етті. Атап айтқанда: гемобластозбен ауыратын пациенттер үшін сүйек кемігін транспланттауды енгізу; гемобластозбен ауыратын ересек пациенттерді емдеу үшін Қазақ онкология және радиология ҒЗИ базасында клиникалық бөлімше ашу; гемобластозбен ауыратын және «С» вирусты гепатитімен ауыратын сырқаттарға арналған дәрілік заттарды бір орталық арқылы сатып алуды жүзеге асыру; пациенттерді құйылатын қан және қанды алмастыратын заттар арқылы вирусты жұқтыруды болдырмау үшін қан өндіру жөніндегі республиканың барлық орталықтарын қанды залалсыздандыратын аппаратурамен, сондай-ақ ПЦР диагностикасына арналған аппаратурамен жарақтандыр; Азаматтардың медициналық іс-әрекеттер арқылы вирус жұқтыруды болдырмау үшін таңу, емшара, операция жасау бөлмелерінің, сонымен қатар қан алу орындарындағы жұмыс режиміне қойылатын талаптарды күшейту мәселелері шешілді.
Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 5 млрдқа жуық қаражат бөлінеді.