Денсаулық сақтау министрі Алматыдағы №7 ауруханаға барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бастаған делегация Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің бұл сапары қала басшылығымен эпидемиялық жағдайды талқылап, медициналық мекемелердегі коронавируспен күрес жұмысымен танысуды көздейді.

Министрлік делегациясымен бірге №7 ауруханаға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нариман Табынбаев келді.

«Алматыға жұмыс сапары кезінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин жағдайындағы стационар жұмысымен, аурухананың індет бәсеңсіген жағдайда немесе эпидахуал күрт нашарлаған жағдайдағы жоспарымен танысты. Сонымен қатар министрге бірнеше бөлімшелер, бөлмелерді аумаққа бөлу, медициналық газбен қамтамасыз ету жүйесі, аурухана мен емхана кіреберісінде орнатылған дене қызуын өлшеу тепловизорлары, КВИ таралмауына ықпал ететін медициналық қалдықтарды тез жоятын кешен көрсетілді» деп хабарлады №7 аурухананың баспасөз қызметі.

Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов аурухананың қала стационарларының емдеу алгоритміне сәйкес толық дайын екендігін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар