Денсаулық сақтау министрі елдегі онкологиялық аурулардың тарау жағдайына алаңдаушылық білдірді

ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Аудандық онкологтар онкологиялық ауруларға көмек көрсетуді жетілдіретін басты мамандар болып табылады. Олар емханалардағы онкология мәселелерімен айналысатын және осы індетпен күрес жөнінде ақыл-кеңес беретін қызметкерлер. Онкологтар тұрғындардың сауықтыру шараларын ұйымдастыратын басты тұлға»,-дейді Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова. Бұл туралы ол бүгін елордада өтіп жатқан аудан онкологтарының семинар-кеңесінде айтты.

Денсаулық сақтау министрі елдегі онкологиялық аурулардың тарау жағдайына алаңдаушылық білдірді

Министрдің сөзіне қарағанда, онкологиялық аурулардың толыққанды тіркелуі мен оларды бақылау шараларының талапқа сай жүргізілуі

осы аудандық онкологтардың қызметіне байланысты. «Жалпы алғанда учаскелік дәрігер-терапевттер, отбасылық тәжірибедегі дәрігерлер өздерінің пациенттерін тексеруден өтуге көндірулері керек. Бұл өз кезегінде онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Онкологиялық қызметке жасалған талдау жұмыстары сауықтыру шараларының талапқа сай жүргізілмей отырғандығын көрсетті. Сондықтан бізге елдегі барлық амбулаторлық-емханалық желілердің барлығы өз қызметтерін сауықтыру шарасына негіздеулері керек. Сондай-ақ скринингтік бағдарламалардың кеңінен қолданылуына мүмкіндік тудырып, онкологиялық аурулардың уақытында анықтауға күш салу керек»,-деді С.Қайырбекова.

Ол келтірген мәліметтер бойынша, биылғы жылдың 9 айында онкологиялық аурулардың көрсеткіші 100 адамға шаққанда 179,2-ні құраған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 178,3 болған. «Яғни, азаматтардың онкологиялық індеттерімен ауыру жағдайлары артып келеді»,-деді министр.