Денсаулық сақтау министрі карантинді сақтамайтындарға уақтылы шара қабылдауды ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин шараларын сақтамайтындарға уақтылы шара қабылдау жұмысының тиімділігін арттыруға назар аударды, деп хабарлайды Қазақпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр сондай-ақ мониторинг топтары жұмысының тиімділігін арттыруды талап етті.
«Алдағы уақытта келіп түсетін вакцина көлемінің ұлғаюын ескере отырып, вакцинациялауға арналған контингентті және вакцинация пункттерінің жеткіліксіздігін болдырмау, көшпелі егу бригадаларын ұйымдастыру үшін тоңазытқыш жабдығымен қамтамасыз етуді бақылау талап етіледі.
Соңғы екі аптада Алматыда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы байқалды, науқастанушылардың саны 2,7 есеге өсті. Сонымен қатар, жағдайы ауыр науқастардың ең көп үлесі алғашқы тәулікте тіркелді, бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың деңгейіндегі жұмыстың жеткіліксіздігін көрсетеді».
Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматыда санэпидбақылау, медфармбақылау аумақтық департаменттері мамандарының қатысуымен КВИ-мен күрес жөніндегі штабтың көшпелі отырысын өткізді.