Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы оқушылардың негізгі ауруларын тізіп берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомсвтоның басшысы Тамара Дүйсенова оқушылардың негізгі ауруларын атады.
None
None

«Профилактиканың тағы бір маңызды бағыты - ол мектеп оқушыларын сауықтыру. Атап айтқанда, оқушыларды профилактикалық тексеру кезінде алғаш рет анықталған аурулардың құрылымында бірінші орында ішек-қарын жолы аурулары тұр, яғни бүгінде оның деңгейі 25 пайыздан асып отыр. Екінші орында көз аурулары - 16,2 пайыз, ал үшін орында тыныс алу және өт, бауыр аурулары байқалуда», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының аясында мектептегі медицинаны білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру қарастырылып отырғандығын жеткізді. Оқушыларға арналған сауықтыру шараларының күнтізбесін жасау жоспарланып отыр. Онда жыл бойында балаларды сауықтыру шараларымен қамту қарастырылған.

Атап айтқанда, онда балаларды профилактикалық тексеру шараларын мамандардың шығу бригадаларын шақыру арқылы білім беру ордаларында өткізуді, оқу мерзімі мен демалыс кезінде сауықтыру шараларын ұйымдастыруды, балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуына тиісті шараларды қамту, қосымша дәрумендеу, физиотерапиялық шаралар, сондай-ақ басқа да денсаулық сақтау технологияларын енгізу қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар