Денсаулық сақтау министрі Қостанай облысының денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен таныспақ
АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Қостанай облысында екінкүндік жұмыс сапарымен жүр,
деп хабарлады pm.kz сайты.
Министр іс-сапарының басты мақсаты - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ағымдағы жылғы Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Жолдауында жүктелген міндеттердің жүзеге асырылуын, сонымен қатар ағымдағы жылдың 27 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы сыни ескертпелерді ескере отырып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау.
Бүгін С.Қайырбекова Қостанай облысы Меңдіқара ауданының бірқатар денсаулық сақтау нысанында болады деп күтілуде. Ал ертең ол облыстық ауруханада, перзентханада болып, облыстық медицина саласының қызметкерлерімен кездеседі.