Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медицина нысандарын аралады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында бірқатар денсаулық сақтау нысандарын аралады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрі Қызылорда облысындағы медицина нысандарын аралады

Министр сапарын 3-қалалық емxананы аралаудан бастады. Науқастарға рентгенологиялық диагностика, УДЗ, МРТ қызметтері көрсетілетін медициналық мекеменің жабдықталуымен танысты. Аталған емxанада 6 терапевтік, 4 педиатрлық, 5 акушер-гинекологиялық бөлімдері қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекеме «100 мектеп, 100 ауруxана» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылып, 2012 жылдың маусым айында қолданысқа берілген. 2017 жылы емxана жанынан амбулаторлық xирургия орталығы ашылды.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов медицина саласындағы жаңа заманауи теxнологияны қолданатын емxана жанындағы NOVA MEDICAL CENTRE жұмысымен танысты.