Денсаулық сақтау министрі сайлаушыларға қандай талап қойылатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер алдағы сайлауға байланысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаулы қабылдады, құжатта бірқатар талап қарастырылған, негізгілері мыналар:

сайлау учаскесіне қойылатын талаптар:

- кіре берісте термометрмен температура өлшеу;

- сайлаушылардың жүру бағытын көрсететін белгілер қою;

- сайлау комиссиясы мүшелері 3 сағат сайын маска ауыстыруы тиіс;

- қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер болуы керек;

- жиһаз бен техникалық жабдықты бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр қашықтықта орналастыру;

- кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтау;

- келушілердің дене температурасы көтерілген (37ºС жоғары) жағдайда, адамды оқшаулауға арналған жеке кабинет болуы қажет», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Сондай-ақ, ол сайлаушылар мен сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар туралы да айтып өтті.

«Сайлаушыларға қойылатын талаптар:

- сайлау учаскесіне келгенде медициналық немесе қорғаныс маскасын және қолға арналған антисептикалық құралды пайдалану;

- Үйде емделуіне байланысты оқшаулау режиміндегі немесе коронавирус инфекциясына байланысты карантинде отырған дауыс берушілер сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру туралы өтініш білдірген жағдайда сайлау комиссиясының мүшесіне хабарлауы тиіс.

Сайлау учаскелерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдарға қойылатын талаптар - жоғары және орташа қауіпті аймақтардағы («қызыл», «сары» аймақ), қызыл аймақта 1 өңір (Атырау облысы), сары аймақта – 6 өңір (Қостанай, Ақмола, СҚО, Павлодар облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) сайлау комиссиясының мүшелері, бақылаушылар мен сенімді адамдар («Сайлау туралы» заң бойынша) 5 қаңтар мен 9 қаңтар аралығында тексерілуі тиіс және ПТР-тест нәтижесі таза болуы қажет. Сайлау комиссиясы мүшелері, бақылаушылар және сенімді адамдар тегін тексеріледі», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар