Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы 42 стоматологиялық кабинетке айыппұл салды, 3 қызметкер жұмыстан шеттетілді

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып отырған 44 стоматологияның жұмысын уақытша тоқтатты.

Денсаулық сақтау министрлігі Астанадағы 42 стоматологиялық кабинетке айыппұл салды, 3 қызметкер жұмыстан шеттетілді

Мұндай шешім Астана қаласындағы 1 нысан бойынша шығарылды. Бұл туралы бүгін өткен брифингте республиканың Бас санитарлық дәрігері Кеңес Оспанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

К.Оспановтың айтуынша, Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған стоматологиялық кабинеттерде анықталған түрлі бұзушылықтар үшін барлығы 981 айыппұл салынды. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары, әсіресе, Шығыс Қазақстан (164 айыппұл), Оңтүстік Қазақстан (103) және Ақтөбе облыстарындағы (108) тіс емдеу мекемелерінің жұмыстарына өте төмен баға берді. Еліміздің бас қаласындағы стоматологияларға барлығы 42 айыппұл салынып, 3 қызметкер жұмыстан шеттетілді.

Ал жұмыстары уақытша тоқтатылғандардың арасында (барлығы 44) Оңтүстік Қазақстан облысының - 15, Ақтөбе облысының - 9, Маңғыстау облысының - 5, Шығыс Қазақстанның - 4 және Астана қаласының - 1 нысан бар.