Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз мәслихаттарын онлайн форматында өткізуге көшті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз мәслихатттарын онлайн форматына ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгінгі онлайн режімдегі баспасөз мәслихатын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сағат 12.00-де өткізбек. Министр COVID-2019 бойынша елдегі және әлемдегі ахуал туралы мәліметтерді жариялайды.

Баспасөз мәслихатын Денсаулық сақтау министрлігінің Фейсбук парақшасында және «Хабар 24» арнасынан көруге болады. Сұрақты фейсбукте пікірлер бөлімінде қалдыру керек.

«Аталған формат халықты ақпаратты жедел беріп, БАҚ-пен жұмыста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жол ашады. Бұл форматқа түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз», - деп хабарлайды министрліктен.


Соңғы жаңалықтар