Денсаулық сақтау министрлігі: Елде жіті респираторлық вирустық инфекциямен байланысты жағдай - қалыпты

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанда жіті респираторлық вирустық   инфекциямен байланысты жағдай қалыпты.

Денсаулық сақтау министрлігі: Елде жіті респираторлық вирустық инфекциямен байланысты жағдай - қалыпты

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Елде тұмаудың тарау деңгейі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6 пайызға төмен. Сырқаттың белгіленген шектен шығып кету жағдайы тіркелген жоқ. Аурулардың негізгі бөлігін, яғни 69,9 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенетін мерзімінде зертханалық тіркелген 19 жағдайда тұмаудың белгілері анықталды. Бұл да өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі есеге төмен.

«Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, тұмаудың Еуропа аумағында тарау деңгейі төмен. Мемлекеттердің денінде азаматтардың тұмауға байланысты медицина мекемелеріне көмек сұрап келу жағдайлары көбіне тұмаудың белең алатын мерзімінде ғана орын алады»,-делінген баспасөз мәліметінде.