Денсаулық сақтау министрлігі елдегі бірқатар қоғамдық ұйымдармен келісімге отырмақ
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Салидат Қайырбекова елдегі бірқатар қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумқа қол қояды.
Меморандум аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстанның тұтынушылар лигасы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың қауымдастығы және «Астана қаласының тәуелсіз сарапшылары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі өзара шарт жасаспақ.
Оның басты мақсаты - Мемлекет басшысының тұтынушылардың мүдделерін және құқықтарын қорғау жөніндегі тапсырмасын іске асыру.
«Меморандум тараптардың денсаулық сақтау саласын жетілдіруге, оның ішінде пациент дәрігерді және медициналық ұйымды еркін және тең таңдауына, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапалы болуын, медициналық қызмет көрсету кеңістігінде бәсекелестікті қалыптастыруына септігін тигізуге бағытталған», - делінген ведомство хабарламасында.