Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Қажылыққа барғандар құс тұмауынан сақтануы керек

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Мұсылманның бес парызының бірі - Қажылықты өтейтін азаматтар Біріккен Араб Әмірліктерінде қауіп төндіріп отырған құс тұмауының жаңа коронавирусынан сақтанғандары абзал. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: Қажылыққа барғандар құс тұмауынан сақтануы керек

Комитет төрағасы алдағы қазан айында Біріккен Араб Әмірліктеріне қажылыққа баратын азаматтар үшін алаңдайтынын жеткізді. «Қазір біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Сауд Арабиясындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат жібердік. Арабияда 77 адам осы індетпен ауырып, соның ішінде қырық адам көз жұмды. Бұрын Сауд Арабиясына барған қазақстандықтарға минингит вирусына қарсы егу жүргізілетін. Енді біз сол елдің Үкіметінен жаңа коронавирусқа қарсы егу жүргізуді сұрап отырмыз», - дейді Ж. Бекшин.

Оның айтуынша, қажылыққа ниеттенгендер арасында қарт кісілер, денсаулығы нашарлау адамдар тәуекелге бармағаны абзалырақ. «Бұл аса қауіпті вирус. Сондықтан да, Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі жасаған ескертумен келісемін: денсаулығы нашар, иммунитеті төмен, бұрын қант диабеті сияқты аурулармен ауырған, жалпы, ауырып жүрген адамдарға тәуекелге бармай-ақ қоюларын сұранамыз. Ең алдымен ниетті азаматтар учаскелік дәрігерге қаралғаны жөн», - деді ол.