Денсаулық сақтау министрлігі Қан құю орталығының директоры Алик Ысқақовтың отставкаға кеткенін растады

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Денсаулық сақтау министрлігі Қан құю орталығының директоры Алик Ысқақовтың отставкаға кеткенін растады.

Денсаулық сақтау министрлігі   Қан құю орталығының  директоры Алик Ысқақовтың   отставкаға  кеткенін  растады

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Наталья Буенко хабарлады.

«Министр орталық директорының отставкасын қабылдады, қызмет орнына конкурс өткізілгенше, директордың міндетін атқаруға бұған дейін Ұлттық медициналық холдингте жұмыс істеген Қайрат Ержанов тағайындалды», деп хабарлады Н.Буенко.

Лейкемия ауруымен ауыратын балалардың ата-аналары, балаларына ауруханада қан құюдың салдарынан С гепатитін жұқтырды деп дәрігерлерді айыптағаннан кейін, осы отставка орын алып отыр. Сондай-ақ, республикалық Қан құю стансасында және Педиатрия институтында директордың орынбасарлары қызметтерінен алынды. Оған қоса, бірқатар қызметкерлерге әкімшілік сөгістер берілді, кейбіреулері қызметтерінен босатылды. Дейтұрғанмен, Денсаулық сақтау министрлігі, лейкемиямен ауыратын балалардың С гепатитін Педиатрия институтында жұқтырғаны туралы айыптауларды теріске шығарды. Ведомство, аурудың қан құйылғаннан кейін де жұқтырылу ықтималдығын да жоққа шығарды.