Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың денсаулық жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққандардың жағдайын айтты

19 наурыздағы мәлімет бойынша, 20 237 адам короновирус инфекциясынан (16 696 КВИ+ және 3 541 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 813 пациент стационарда, 14 424 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 250 адамның жағдайы ауыр;

- 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 34 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.