Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтика саласындағы қауымдастықтар дәрілік заттардың бағасын өсірмеу туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтика саласындағы қауымдастықтар арасында дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету және дәрілік заттар мен медициналық техника бағаларының өсуін тежеуге байланысты меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, аталған меморандум 1 жылға бекітілген. Жалпы оның аясында Қазақстанда жасалған медициналық өнімдердің бағасы өспейтін болады. «Меморандумға қол қойылған сәттен, яғни бүгіннен бастап дәрілерді жеткізетіндер мен дәріханалардағы бағалар өзгеретін болады»,- деді министр. Фармацевтика саласындағы қауымдастық өкілдерінің сөзіне қарағанда, меморандумда отандық өндіріс үшін мемлекеттік тапсырыстың механизмі қаралған. Атап айтқанда, соңғы 4 жылда отандық өндіріс үш есеге өскен. Бүгінде елімізде пайдаланылып жүрген дәрілік заттардың әрбір үшіншісі Қазақстанда өндірілген. Ал мемлекеттік тапсырыс болса өнім шығару көлемі екі есеге артпақ. Мемлекет дәрілік заттардың негізгі бөлігін сатып алады және оның үлесіне нарықтағы дәрі-дәрмектің тең жартысы кіреді. Биылғы жылы кепілдендірілген көлемде тегін медициналық көмек көрсету аясында дәрілік заттарды сатып алу құны 65 миллиард теңге деңгейінде жоспарланды.
Соңғы жаңалықтар