Денсаулық сақтау министрлігі ШҚО-дағы бала өлімінің деңгейінің жоғары болу себептерін анықтайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысындағы бала өлімі деңгейі айтарлықтай төмендеді, алайда республика бойынша бала өлімі ең көп орын алатын өңір ретінде аталып келеді. Мұндай жан түршігерлік нәтиженің себептерін табу үшін облысқа Астанадан сарапшылар тобы келеді, деп хабарлайды YK-news.kz.
None
None

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша, соңғы бес жылда өңірдегі бала өлімінің деңгейі 45 пайызға төмендеген.

«2011 жылы бұл көрсеткіш 1 000 сәбиге 22,1-дң көрсетсе, бүгінде 12,2-ге дейін төмендеттік», - деп хабарлады облыс әкімдігінің кезекті отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы міндетін атқарушы Ғалия Жуасбаева.

Бірнеше жылдан бері Шығыс Қазақстан өңірі республикада сәби өлімі бойынша тізімде көш бастап тұр.

«Шығыс Қазақстан облысындағы бала өлімінің соңғы он жылдағы көрсеткіші елдегі ең нашар көрсеткіштердің бірі, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Бір айда сараптама жасап, қажетті шаралар бағдарламасын құруды тапсырамын. Ал мен денсаулық сақтау министрімен байланысып, мәселені түбегейлі зерттеу үшін өңірге кешенді комиссия жіберуді сұраймын».

Соңғы жаңалықтар