13:27, 11 Мамыр 2012 | GMT +5
Денсаулық сақтау министрлігі ҮЕҰ-ларға 400 млн. теңгеден астам қаржы бөледі - вице-министр
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі үкіметтік емес ұйымдар арасындағы мемлекеттік тапсырысқа ағымдағы жылы 400 млн. теңгеден астам қаржы бөледі.

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Экология. Денсаулық. Оңалту» 3-ші бас ассамблея барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов мәлім етті.
«Өткен жылы үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа шамамен 142 млн. теңге бөлінген болатын. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 400 млн. теңгеден астам қаржыны құрайды», - деді ол.
Аталған қаржы денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды шешуге арналған әртүрлі жобаларға бағытталатындығын атап өткен вице-министр: «Өзге ведомстволардан біздің артықшылығымыз, тақырыптарды қауымдастықтардың өздері ұсынады. Біз оларды қарап, егерде біз үшін олар қызықты әрі өзекті болса, қолдау көрсетеміз», - деді Е.Байжүнісов.