Денсаулық сақтау министрлігінде жаңа комитет құрылды

АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі жаңа комитет жасақталды.
None
None

Бұл туралы бүгін өткен брифингте ведомство басшысының орынбасары Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Медициналық қызметтерді сатып алу жөніндегі комитет 2010 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Қазақстанның ауруханаларында енгізілгелі отырған «Денсаулықты сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі» негізінде жасақталды.

Вице-министрдің айтуынша, комитеттің әр аймақта аумақтық бөлімшелері болады және олардың міндетіне  медициналық қызметтерді жеткізу және науқастарға көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу бойынша келісімшарттарды жасау кіреді.

Сондай-ақ жаңа комитет қазір министрлікте істеп тұрған Фармацевтикалық бақылау комитетімен бірлесіп жұмыс жасайтын болады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар