18:40, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері үшін қызметтік жатақхана салу мүмкіндігін қарастыру қажет - Ә. Жақсыбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік топтаманы кеңейту, қызметтік жатақханалар салу мүмкіндігін қарастыру қажет, деді елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астана қаласы мәслихаты отырысында сөйлеген сөзінде. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
«Денсаулық сақтау саласында аурулардың алдын алуға және болдырмауға, алғашқы медициналық көмек көрсету мен емхана қызметтерінің сапасын арттыруға басымдық берілуі керек. Бүгін қалада белгілі бір дәрежеде білікті медициналық кадрлардың жетіспеушілігі байқалады. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері үшін жергілікті бюджеттен әлеуметтік топтаманы кеңейту, қызметтік жатақханалар салу мүмкіндігін қарастыру қажет», - деді әкім. Сонымен қатар, қала басшысы медициналық колледждің жаңа типтік ғимаратын салу мәселесін қарастыратын уақыт жеткенін айтты.