Денсаулық сақтауды сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылады - С. Қайырбекова
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтауды сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылады.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.
«Ағымдағы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында біз денсаулық сақтау жүйесін дамытуды әрбір азаматтың өз денсаулығына ынтымақты жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, денсаулық сақтауды сақтандыру жүйесін енгізуді қарастырамыз. Бұл жүйе 2012 жылдың 1 шілдесінде ұсынылатын болады. Бұл ретте денсаулық сақтау бойынша министрден бастап, әкімнің, жұмыс берушінің, жеке азаматтың міндеттері бекітілетін болады. Бұндай нормаларды қабылдамай тұрып, бізге азаматтардың өзінің денсаулығын сақтауға баса мән беру мәдениетін қалыптастыру мүмкін емес тәрізді», - дейді министр.
Оның айтуынша, зерттеулерге сәйкес, жұртшылықтың көпшілігі спортпен шұғылданбайды, 4 млн. қазақстандық шылым шексе, салмақтың шектен тыс ауырлығынан халықтың 35 пайызы зардап шегеді.
«Ауырғанның тиімсіз болатынын азаматтар білуі керек. Медициналық әлеуметтік қана емес экономикалық тұрғыдан алып қарағанда да бұл солай. Мәселен, науқастың кешеуілдеп дәрігерге жүгінуі - пациенттің өз өміріне қауіп қана емес, оған кететін шығын да ұлғая түседі. Сондықтан да, біз Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы кодексіне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамыз», - дейді министр.