Денсаулық саласына салынған қаржы көлемі өсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір жылдың ішінде денсаулық сақтауға салынған қаржы 13 пайызға өсті. Дегенмен, бұл Қазақстандағы негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемінің 1 пайызына да жетпейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат energyprom-ға сілтеме жасап.
None
None

2019 жылдың 7 айының қорытындысында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған инвестиция көлемі 12,7 пайызға артып, 57 млрд теңгені (нақты көлем индексі 110,7 пайыз) құрады. Өткен жылдың дәл осындай кезеңіндегі инвестиция сомасы 50,6 млрд теңгені құрап, өсім 54,8 пайыз (нақты индекс көлесі 147 пайыз) болған еді. Аталған кезеңдегі инвестиция көлемінің өсімі осымен үшінші жыл қатарынан орын алуда. Бұған қоса, денсаулық сақтауға салынған негізгі қаржы салымының инвестицияның жалпы сомасындағы үлесі 0,9 пайызға тең.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет саласындағы инвестицияның негізгі көзі республикалық бюджет болып отыр. Биылғы жылдың қаңтар-шілдесінде бюджеттен аталған секторға 21,8 млрд теңге (1 жыл бұрын 10,9 млрд теңге) бөлінді.

Дегенмен, жергілікті бюджеттен қаражат салымы айтарлықтай қысқара түскен. Қаңтар-шілдеде не бәрі 11,9 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 30,9 пайызға (17,2 млрд теңге) кем.

Бизнестің өз қаражаты 20,9 млрд теңге болып, жылдық өсімі 1,6 пайызды құрады. Банк несиелері мен заем қаражаттың көлемі тиісінше 1,4 млрд және 1 млрд теңге болды.

Естеріңізге сала кетсек, биылғы жылдың желтоқсан айында 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітіледі. Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың айтуына қарағанда, үш негізгі міндет айқындалған. Оның атап өтуінше, сөз тек қана мемлекеттік бағдарлама төңірегінде болып отырған жоқ. Жаңа модельмен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру қалыптастырылды. Яғни, таяу 6 жылға арналған денсаулық сақтаудың қаржылық моделі құрылды.

«Шығыстар Жалпы ішкі өнімнің 5 пайызға дейін ұлғайтылатын болады. Шығыстардың негізгі үлесі медициналық қызметтерге жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттен алдағы бірнеше жылда денсаулық сақтау шығыстарын еке есе ұлғайтуды өтіндік», - деді Айгүл Айыпханова.

Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестицияның артуы 2018 жылдың қаңтар-шілде айларымен салыстырғанда республиканың не бәрі 10 өңірінде ғана байқалады. Салымның айтарлықтай өсімі Шығыс Қазақстан (3,1 есе), Жамбыл (2,5 есе) және Нұр-Сұлтан қалаларында (2,4 есе) байқалып отыр.

Инвестицияның 13,2 млрд теңгені құраған ең үлкен көлемі де Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Ал бір бұрын бұл өңірде инвестиция көлемі 4,2 млрд теңгені құраған еді. Мұнан бөлек Алматы қаласы (8,6 млрд теңге, бір жыл бұрын 8,3 млрд теңге болған) мен Алматы облысы (6,7 млрд теңге, бір жыл бұрын 10,8 млрд теңге болған) инвестиция тартуда үздік үштікке кіріп отыр.

Айта кетерлігі, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге салынған жалпы инвестицияның 50 пайызы осы ТОП-3 өңірге тиесілі.

Соңғы жаңалықтар