14:27, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
«Денсаулық және сергектік» атты спартакиаданың қорытындысы шығарылды
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Еуразия ұлттық университетінде «Денсаулық және сергектік» атты спартакиада аясында тоғызқұмалақ және үстел теннисі ойындары бойынша сайыс болып өтті, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Университет қызметкерлері мен оқытушылары арасында өткен тартысты сайыс барысында математика-механика факультеті - 1-орын, филология факультеті - 2-орын, халықаралық қатынастар факультеті - 3-орынды иеленді.
Ал үстел теннисі ойыны бойынша ректорат қызметкерлері топ жарды. әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары - 2-орынды, жаратылыстану ғылымдары факультеті 3-орынды иеленді.
Сайыс соңында университеттің кәсіподақ комитеті спорт ардагерлері атанған математика-механика факультетінің оқытушысы М.Исмағамбетов пен спартакиадаға ректорат құрамасы атынан қатысқан Н.Романенконы марапаттап, оларға арнайы сыйлық табыс етті. Сонымен қатар осы сайыс барысында үздіктер қатарынан көрінген барлық ойыншылар да сый-сияпатсыз қалған жоқ.