«Денсаулық» және «Жәрдем» консультативті-диагностикалық пойыздары биыл 40 мыңнан астам адамға көмек көрсетті
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл мәліметті бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Дәрігерлер 220 мың 96 рет азаматтарға барып, көмек көрсетіп, 144 мың 427 диагностикалық зерттеулер, 190 шағын амбулаториялық операциялар жүргізген. Сондай-ақ мамологтар 5 мың 340 әйелді қарап, 10 мың 144 балаға стамотологиялық көмек көрсетілген.
«Қазақстан Президентінің 2011 жылдың 28 қайтарындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында көрсетілген міндеттерге сәйкес, 26 қыркүйекте «Саламатты Қазақстан» үшінші консультативті-даигностикалық пойызы жолға шықты.
Бұл пойыз осы уақыттың өзінде Павлодар мен Ақмола облыстарында
19 стансыда 8 мың 216 адамға қызмет көрсетті. Олардың 2 мың 122-і балалар. Ал дәрігерлер 25 мың 447 рет науқастарды қарауға шығып, 13 мың 105 диагностикалық тексерулер жүргізілді. Сондай-ақ мамологтар 861 әйелді қарап, 2 мың 164 тұрғынға көмек көрсетті. Пойыз енді Қостанай облысының тұрғындарына көмек көрсететін болады.