ДЕНСАУЛЫҚ: Жиі қан тапсыратын жан жүрек ауруынан аман болады - А.Мұратбеков

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл сайын 200 мың литр қойытылған қан, 80 мың литр плазма, 60 мың литр құрамында эритроциті бар орта және шамамен 18 мың тромбоконцентраттың емдік дозалары дайындалады. Біз үшін бұл қан қызметіндегі көп көрсеткіш болып көрінгенмен, 100 пайыз қажеттілікті өтеу үшін тым аз көрінеді, деп жазады «Алматы ақшамы» басылымы.
None
None

Газет тілшісі Н.Байсақалдың жазуынша, қазіргі таңда бізде 1000 ауруға 18 донордан келеді. «Қан тапсыру- адам денсаулығына өте пайдалы. Жиі қан тапсырып тұратын адамдар арасында жүректің ишемиялық аурулары өте сирек кездеседі, қанның қызыл жасушалары жаңарып отырады. Сондай-ақ, ұлпалық метаболизмді және газ алмасуды жақсартады. Иммунитеті жақсарады. Қан айналымындағы токсиндердің жойылуына мүмкіндік береді. Көбінесе біз қанды туған-туыстарымыз, болмаса, жақын жандарымыз ауырып немесе қайғылы жағдайға тап болған жағдайларда тапсырамыз, ал жалпы кез келген адам өз еркімен қан тапсырып, донор болуына болады. Донор деген сөздің сыйлау деген мағынаны білдіретінін ескерсек, қан тапсыру арқылы басқа адамға өмір сыйлайтынымызды ұмытпаған жөн. Адамға өмір сыйлаудан асқан қандай қайырымдылық болсын», -дейді Алматы қалалық Қан орталығының Донор жинақтау бөлімінің меңгерушісі, екінші санатты трансфузиолог-дәрігер Аманкелді Мұратбеков аталған мақала бойынша басылымға берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар