«Денсаулық жолы - 2015» акциясы аясында жылжымалы медициналық кешендер арқылы шалғай ауыл тұрғындарды тексеруден өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 3 және 9 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешендер (әрі қарай ЖМК) Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады. Шебір, Шайыр, 1, 2 және 3 ауылдардың тұрғындары тегін скринингтік тексеруден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады.
None
None

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмылдыру топтарының шығуы окулистердің, офтальмологтардың, терапевтердің, пульмонологтардың, педиатрлардың, кардиологтардың, хирургтардың және акушер-гинекологтардың қатысуымен ұйымдастырылытын болады. Топ құрамында окулистер, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевтер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар.

Аталмыш күндері жылжымалы медициналық кешендер Қызылорда облысы Қармақшы ауданының 3-ші интернационал ауылына, Қазалы ауданының 6, сондай-ақ Жаңақорған ауданының 3 ауылына бармақшы. Медициналық жұмылдыру бригадаларының құрамында терапевтикалық, кардиологиялық, эндокринологиялық, фтизиатрлық, онкологиялық және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметтерінің мамандары бар.

4 және 5 тамыз күндері Алматы қаласы медициналық ұйымдардың қызметкерлері ақпараттық-кеңестік көмек көрсетіп, «Д-Маркет» әмбебап базарында зертханалық-диагностикалық тексеру жүргізетін болады.

5 тамыз күні жылжымалы медициналық кешен Атырау облысы Исатай ауданы Хамит Ерғалиев ауылына барады. Ауыл тұрғындарын тәжірибелі мамандар қарайтын болады. Сонымен қатар, лабораториялық және аспапты зерттеулер де ұйымдастырылады (УДЗ, ЭКГ, рентген).

Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акциясы өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар