ДЕНСАУЛЫҚ: Жұмыста көп отыратын адамдардың мәселесін 2 минутта шешуге болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көп қимылдамай, отырып істейтін жұмыс денсаулыққа зиян екені жасырын емес. Бұл - инфекция жұқтыру індентінен кейінгі сатыда тұрған мәселе. АҚШ ғалымдарының пікірінше, жұмыста ұзақ уақыт отыратын адамдар сағат сайын бар болғаны 2 минутқа орнынан тұрып жүрсе, денсаулыққа көп пайдасы тиген болар еді, деп жазады The Sydney Morning Herald.
Күніне 30 минут уақытты физикалық жаттығуларға бөлу қажет. Әр сағаттың 2 минутын қозғалысқа арнау да денсаулыққа оң әсерін тигізеді. 3 жылға созылған зерттеудің нәтижесінде ғалымдар осындай тоқтамға келді. Зерттеуге 3 243 ерікті қатысты. Осы зерттеу жұмысынан кейін Юта Университеті мен Колорадо Университетінің медициналық мектептері мамандары бір сағат ішіндегі 2 минуттық серуен өлім қаупін 33% төмендететінін анықтады.
Сондай-ақ, аптасына 2,5 сағат спортпен шұғылданудың пайдасы зор, дейді ғалымдар. Адамның 1 сағат бойы орындықта отыруы 22 минут өміріңізді қысқартады-мыс. Ал, бір сағаттық жаттығу өмір ұзақтығын 90 минутқа арттырады екен.