Деонтей Уайлдер: Головкин мен Канело айқасында GGG-ге жанкүйермін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ешқашан жеңіліп көрмеген WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы  әлем чемпионы   америкалық Деонтей Уайлдер     Геннадий Головкиннің   Сауль «Канело» Альвареспен  жекпе-жекте басым түсетіндігіне сенімді, деп хабарлады  Sports.kz.

Деонтей Уайлдер: Головкин мен Канело айқасында GGG-ге жанкүйермін

«Бұл айқаста  (Альварес - Головки) -  GGG-ге жанкүйер боламын, оның салмақты бола жүріп жекпе-жекте көңіл көтергісі келетіні, өзін-өзі еркін ұстауы ұнайды.  Ол  бокс - спорттың қауіпті түрі екенін біледі,  бірақ арасында көңіл көтергенде тұрған не бар екен? Кейде өзіміз қалап,  соққылар да қабылдаймыз.  Қауіпті жарысты көңілді сәттермен үйлестіре білудің өзі сені ұлы боксшы етеді.   

Лара Канелоны жеңсе де, оған  жеңісті бермеді деп ойлаймын. Лара көп жүгірді дейді, ол жеңу үшін барлық амалды қарастырды. Головкин  қаймықпай алға ұмтылатын, соққы беруден қорықпайтын өжет қарсылас. Жекпе-жекте Головкин   Канелодан басым түседі, мен оны таңдар едім», - деді On the Ropes Radio-ға берген сұхбатында Уайлдер.