04:04, 18 Ақпан 2016 | GMT +5
Деонтей Уайлдердің командасы 30 сәуірде Александр Поветкинмен жекпе-жек ұйымдастырмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы американдық Деонтей Уайлдердің командасы 30 сәуірде Александр Поветкинменмен жекпе-жекті, яғни титулды қорғауды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы TuscaloosaNews-ке берген сұхбатында американдықтың менеджері Джей Диз мәлімдеді.
Ресейлік боксшы Уайлдер жеңіп алған WBC титулына міндетті үміткер.
Американдық есебінде 36 жеңіс бар (35 нокаут), бірде-бір рет жеңіліп көрмеген. Ал Поветкиннің есебінде 30 жеңіс (22 нокаут) және бір жеңіліс бар, деп хабарлайды ТАСС.