Депардье жаңа француз фильмінде Сталиннің рөлін сомдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз актері Жерар Депардье Фанни Арданның фильмінде Сталиннің рөлін ойнайды.
None
None

Фильм Жан-Даниэль Бальтасстың 2013 жылы жарияланған «Сталин диваны» атты психологиялық романының желісімен түсірілмек. Шығармадағы оқиға КСРО-да 20-шы ғасырдың 50-ші жылдардың басында өрбіді.

Түсірілімге «Мосфильм» қатыстырылады деп болжанған. Оның мамандары сол кездегі костюмдерді, реквизиттерді және декорацияларды дайындауға көмектеседі. Ресейлік киноконцерннің баспасөз қызметінен хабарлағандай, фильмнің атауы - Le divan de Staline («Сталин диваны»). Түсірілімнің басталуы мен кинолентаның прокатқа шығуы жайлы хабарланбады.

Соңғы жаңалықтар